Елбасы Головкинді жеңісімен құттықтады

0
103

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев: Тартысты өткен жекпе-жекте сен өзіңнің спорттық шеберлігіңді тағы да дәлелдеп, чемпиондық атағыңды сенімді түрде қорғадың. Барлық қазақстандықтар сенің спорттағы зор жетістіктеріңді мақтан тұтады. Сен өзіңнің талантың мен еңбексүйгіштігіңнің, қарапайымдылығың мен баршаға сүйкімділігіңнің арқасында бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап алдың. Осы қасиеттерің әрдайым бойыңнан табылып, жастарымыз үшін жарқын үлгі бола берсін.

Еске сала кетейік, кеше танғы сағат 10:00-де орта салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC, IBF және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық қарсыласы Ванес Мартиросянды жекпе-жектің екінші айналымында нокаудқа жіберіп жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз