“Матч қаһарманы” – ақтөбелік Самородов

0
55
фото: prosports.kz

10 қыркүйек күні Астана Арена стадионында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Ирландия құрамасын 1-0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голдың авторы “Ақтөбе” футбол клубының ойыншысы Максим Самородов болды. 

Ойынға ресми мәлімет бойынша 28 458 жанкүйер жиналған. Ойыншыларды қолдауға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, қазақстандық кәсіпқой боксшы “GGG” Геннадий Головкин, UFC файтері Шавкат Рахмонов және басқа да қонақтар келді.

Матчтың есебін Максим Самородов, Абзал Бейсебековтың пасынан кейін, айып алаңының сыртынан теуіп, ашты. Есеп 27 минутта 1-0 болды. Одан кейін, бірінші таймның 42 минутында Қазақстан қақпасын 100 пайыздық голдан шабуылшы Самородов құтқарып қалды. Осылайша Максим, матчтың үздік ойыншыларының бірі атанды. Дегенмен, Максим ойынның 56 минутында орнын Исламбек Қуатқа босатты.

Айта кетейік, екі құрама арасындағы матч, 2024 жылы болатын Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің топтық ойыны. Қазіргі таңда, Қазақстан құрамасы 6 кездесу өткізіп, 12 ұпаймен 2 орында тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз