Әкесінің жалақысын құмар ойынға салып жіберген ақтөбелік жігіт өз-өзіне қол жұмсады

0
65

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Ақтөбе облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақшаны бәске тігіп жіберген. Ал ұтылған ақшада әкесінің жалақысы да болған. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған. Ол бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған. 

Жігіттің құмарлығы алдымен автоматтардан басталған, кейін бұл букмекерлік ставкаларға ұласқаны белгілі болды. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз