Нұр- Сұлтанда “Walk the Talk” акциясы өтеді

0
96

“Walk the Talk” акциясы 72-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы аясында 17 мамырда Ботаникалық бақта өтеді.

Қатысушылар 3 және 5 шақырымға жүгіріп, сондай-ақ скандинавиялық жүрістен жарысқа қатыса алады.
«Сауықтыру жүгірісіне қатысудан басқа, сіз қан қысымын өлшей аласыз, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтай аласыз, дұрыс тамақтану қағидалары туралы, донорлық ұстанымдар туралы кеңес алып, АИТВ статусын анықтау үшін экспресс тесттен өте аласыз. Нұсқаушы шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбын өткізеді», – делінген салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының хабарламасында.
Акцияның мақсаты – денсаулықты нығайта отырып, өмір сүру ұзақтығын арттыруды белсенді насихаттау.
Шара Ботаникалық бақта сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз