Португалия футзалдан Еуропа чемпионы атанды

0
250
photo: uefa.com

6 ақпанда футзалдан Еуропа чемпионатының финалында Португалия мен Ресей ұлттық құрамалары кездесіп, 4-2 есебімен португалиялықтар жеңіске жетті.

Үшінші орын үшін болған матчта Испания мен Украина ұлттық құрамалары кездесіп, 4-1 есебімен испаниялықтар басым түсті.

Қазақстан ұлттық құрамасы бұл турнирді 1/4 финалда аяқтады. Үшінші орынға таласқан Украина құрамасына ширек финалда 5-3 есебімен ұтылды. Дегенмен қазақстандық ойыншы Біржан Оразов турнирде жалпы 7 гол соғып, үздік сұрмерген атанды.

Сұрмергендер тізімі:
1. Біржан Оразов (Қазақстан)- 7 гол
2. Артем Антошкин (Ресей) – 5 гол
3. Иван Чишкала (Ресей) – 5 гол
4. Антон Соколов (Ресей) – 5 гол
5. Дуглас Жуниор (Қазақстан) – 4 гол

Айта кетейік, футзалдан Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерланд елінде өтті. Барлығы 16 елдің құрамасы қатысып, нәтижесінде Португалия құрамасы екі дүркін Еуропа чемпиондары атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз