Алматыда митинг өтіп жатыр

0
288
Әкім сайлау құқығын талап еткен Алматыдағы митинг. Photo: Vlast.kz

Сенбі күні  Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңға жүзден астам адам жиналды. Митингінің тақырыбы – “Алматы қаласы тұрғындарының өз әкімін сайлауға құқығы бар”. 

Митингіде сөйлегендер терең саяси реформаны, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлауды, парламентті таратуды, “жемқорлыққа белшесінен бастқан” шенеуніктерді жауапқа тартуды талап етті. Шара кезінде қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған бейбіт тұрғындардың барлығын босату туралы да талап айтылған.

Азаттық сайтының хабарлауынша, митингіде сөйлеген құқық қорғаушылар қаңтар оқиғасын жан-жақты әрі ашық зерттеуді талап етті.

Құқық қорғаушылар мен белсенділер билікті азаматтардың пікір айту құқығын шектеп отыр деп сынаған тұста әкімдік бір күн бұрын аталған шараны өткізуге рұқсат берген. Бірақ атқарушы билік оның алдында Қаңтар қырғынының құрбандарын еске алу шарасына рұқсат бермеген.

Митинг өтетін алаң екі жағынан қоршалып, көлік қозғалысы тоқтатылды. Полиция сырттан бақылап тұр. Бірақ олардың саны көп емес. Айналада жедел жәрдем көліктері тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз