“Реал” немесе “Барселона”, Неймар қай команданы таңдайды?

0
113

«Пари Сен-Жермен» басшылығы шабуылшы Неймарды келесі жазда басқа командаға cатуға келісті. Бұл туралы Beteve арнасы хабарлады.

Телеарна ақпараты бойынша, футболшы пен париждіктер арасында келісім бар. Оған сәйкес «ПСЖ» Неймарды испаниялық клубқа 200 миллион еуро үшін жібереді. Ал Неймарға каталондық «Барселонамен» қатар мадридтік «Реал» көз тігіп отыр. Неймар «ПСЖ-ға» 2017 жылы жазда сол кездің рекордтық бағасы 222 миллион еуроға ауысқан. Осылайша, париждік команда футболшы трансферінен 22 миллион ұтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз