Роналду рекорд орнатты

0
105
Сурет: Goal.com

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Туриндік “Ювентусте” рекорд жасады. 

Футболшы Италия чемпионатының 13-турындағы матчта көзге түсті. Роналду үшін бұл Турин клубындағы оныншы ойын. Ол А сериясында сегіз және Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің матчтарында екі гол салған. Осылайша, Роналду рекорд орнатты, өйткені “Ювентус” құрамында осындай қысқа мерзім ішінде он гол соққан ешкім болмады.

Роналду мадридтік “Реалдан” “Ювентуске” жазда ауысқан. Ол жылына 30 миллион еуро жалақы алады. Клуб оны 112 миллион еуроға сатып алған. Tengrinews.kz хабарлауынша, Роналду жаңа командадағы алғашқы голын 16 қыркүйекте А сериясының төртінші турында “Сассуолоға” қарсы ойында соққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз