Алғаш рет ауғанстандық әйел АҚШ елшісі болып тағайындалды

0
150
дереккөзден

Алғаш рет Ауғанстанның АҚШ-тағы елшісі болып әйел адам тағайындалды. АҚШ-қа елшілікке тағайындалмай тұрып, Ройя Рахмани Ауғанстанның Индонезиядағы елшісі болды.

“Коммерсант” ақпарына сәйкес, Рахмани Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі болып тағайындалған Хамдулла Мохибтың орнына келген.

“Ройя Рахмани – Ауғанстанның ең талантты дипломаттарының бірі”, – деп мәлімдейді Ауғанстан президентінің баспасөз хатшысы Харун Чахансури.

Ауғанстанда 17 миллион әйел тұрады. Елде тәлібтердің теократиялық режимі орнағандықтан, әйелдердің билік басына келуі үлкен мәселеге айналды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз