Садриддин үш титул үшін голандиялықпен рингке шығады

0
245
WBC чемпионы Садриддин Ахмедов.

29 қаңтар күні Мексиканың Куэрнаваке қаласында қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0-0) голандиялық Стивен Даньоға (17-3-3) қарсы рингке шығады. Бұл туралы boxrec.com сайтында хабарланды.

“Қазақ солдаты” атымен танымал Садриддин, Мексикада “WBA Continental, NABF, WBC Francophone” титулдарына таласады. Жекпе-жек 10 раундтан тұрады. Садриддин профессионалды бокста жеңіл орта салмақта өнер көрсетіп жүргенімен жасы бар-жоғы жиырма екіде. Ал оның қарсыласы Даньо, біраз жекпе-жек көрген, 31 жастағы тәжірибелі боксшы.

11 жекпе-жегінің 10-ын Канадада өткізген Садриддин үшін бұл Мексикадағы дебюты болады. Тек 1 рет Қазақстанда өткізген. Бокс Қазақстан уақытымен шамамен 30 қаңтар таңғы уақытта өтеді. Соңғы рет “Қазақ солдаты” 2019 жылдың желтоқсан айында рингке шыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз