Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңді

0
46

Қазақстандық Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде жартылай орта салмақтағы америкалық Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жектің алғашқы бөлігінде екі спортшыдан айтарлықтай басымдық болмады. Ал Шавкат екінші раундта белсенділік танытып, жиі соққылар жасады. Нәтижесінде раунд аяқталуға жақын қалғанда қылқындыру әдісіне салып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, жекпе-жекті АҚШ бұрынғы президенті, Американың мемлекет және саяси қайраткері Дональд Трамп та тамашалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз