16 желтоқсанда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан әлемдік киберспорт жарысында Dota 2 бойынша Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды. 

Әлемдік киборспорт чемпионатында Dota 2 бойынша ел намысын қорғаған команда мүшелері: Асқар Жұмағұлов (Toshi), Ілияс Ахқубеков (liru01), Егор Миллер (egxrdemxn), Cаламат Садыр (v3ndetta), Александр Пак (v1olent’).

Қазақстандық киберспортшылар финалда Малайзия құрамасынан 2:1 есебімен басым түсті. Осылайша, ұлттық құрама елімізге Тәуелсіздік күнінде жеңіс сыйлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз