16 желтоқсанда Астанадағы Spectrum халықаралық мектебінде «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар жарысы басталды. Биыл жарысқа қатысуға өтінім берген 500 жобаның 184-і іріктеп алынған. Байқауға 5 мемлекеттен 450 қатысушы, 70 жетекші қатысады.

INFOMATRIX – халықаралық компьютерлік жобалар байқауы. Аталмыш білім сайысына əлемдегі ең үздік IT оқушылары қатысады. «INFOMATRIX-ASIA» байқаудың көкжиегін кеңейту жəне оқушыларға қатысу үшін көбірек мүмкіндіктер беру мақсатында Румынияның Бухарест қаласында өтетін «INFOMATRIX» байқауының негізінде құрылды. Байқау тек кəсіби шеберлікті арттыруға бағытталған емес; ол сонымен қатар əртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы мəдениетаралық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға қызмет етеді.

Конкурстың негізгі мақсаттары:
– IT саласында ғылыми зерттеу қабілеттеріне қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау жəне дамыту;
– Қазақстанның IT саласын дамытудың тиімділігін арттырудың тиімді құралы ретінде ақпараттық технологияларды дамыту жəне жастардың ғылыми-зерттеу əрекетіне негізделген жаңа жобаларды əзірлеу;
– Дарынды жастарды шетелдік жəне отандық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға дайындау арқылы өмір бойы білім беру идеясын жүзеге асыру;
– Саладағы халықаралық ынтымақтастықты жəне шығармашылық тəжірибе алмасуды дамыту.

«INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауы ағылшын тілінде өтеді. Қазақстандық мектеп оқушыларының командалары (3 адамнан көп емес) жəне шетелдік мектептердің ғылыми жоба байқауларының ұлттық жеңімпаздары 10-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Жарыстар алты секция бойынша өткізіледі:
1-секция: Робототехника: FLL Challenge жəне Arduino Hackathon.

2-секция: Компьютерлік бағдарламалау.
3-секция: Компьютерлік графика жəне өнер.
4-секция: Қолданбалы ғылыми жобалар.
5-секция: Қысқаметражды фильмдер.
6-секция: Қолданбалы математика жобалар.

Жалпы, білім бəйгесі Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 20 мемлекеттен 5000 жуық қатысушы келді. Жарыстан үздік шыққан жүлдегерлер əлемдік жəне елдің маңдайалды ЖОО гранттарына ие болды.

Бүгінде ЖОО білім алған ел жастарының қатарында əйгілі видеограф, дизайнер, программистер сынды қоғамға қажетті һəм таптырмас мамандар жетіліп шықты.

INFOMATRIX-ASIA жарысының бағдарламасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз