«Тым көп ақша тігілді, жекпе-жек өтеді»

0
110
дереккөзден

Бүгінге дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес арасындағы екінші реванштың ұйымдастырушылары, «допинг» мәселесіне байланысты жекпе-жектің өткізілмейтінін алға тартып, бокс кешінің жарнамаларын таратуды тоқтатқанымен, UFC президенті Дана Уайт бокс кешінің қалай болғанда да өткізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы sport.kz хабарлайды.

UFC президенті Дана Уайт: «Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек өтеді. Бәске тым көп қаражат тігілді», – деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Дана Уайт GGG мен Канело арасында Лас-Вегаста өтетін екінші реванштың билеттерін кері қайтаруға асықпау керектігін хабарлады.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес допинг сынағынан құлап, 24 наурызда спорттан уақытша шеттетілген болатын. «Допинг» мәселесіне байланысты Альвареске 18 сәуірде соңғы үкім шығады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз