Трамп миграция саясатында Мексиканы айыптады

0
94
Орталық Америкалық мигранттар Мексика мен АҚШ-тың шекарасына қарай беттеуде/дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп миграциялық саясат мәселесінде көрші Мексиканы айыптады.

Мексика тарабы АҚШ-қа «есірткі мен мигранттардың ауқымды ағымын тоқтатуы керек» деп жазады Трамп 2 сәуірге қараған түні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Twitter).

Бұлай болмаған жағдайда Трамп еркін сауда туралы Солтүстікамерикалық келісімді (NAFTA) тәрк ететіндерін алға тартты.

Мексика мигранттардың АҚШ-тың оңтүстігіне еніп әрі қарай ел аумағына кіруге шекті түрде кедергі келтірмейді, дейді Трамп. АҚШ басшысының айтуынша, келімсектер көші-қон мәселелерін реттейтін АҚШ-тың «ойға қонымсыз заңдарын күлкіге айналдырады».

Бұған дейін People without borders коммерциялық емес ұйымы Орталық Америкадан келген мигранттарды қылмыскерлер мен билік тарабынан қорғайтын әлеуметтік науқан ұйымдастырды. AFP агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, науқан пойызбен 40 мигранттың Чьяпас штатынан солтүстік Мексикаға қарай кетуі салдарынан басталған.

Вашингтон қазіргі уақытта NAFTA бойынша Мексика және Канадамен келісім жүргізуде. Бұған дейін АҚШ президенті 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген келісімді тәрк ететіні туралы айтып, сес көрсеткен еді. Трамптың топшылауынша, NAFTA мүшелері келісімнің негізгі қағидаттарын қарап, АҚШ-қа қолайлы жағдайды қамтамасыз ету керек.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз