Қ. Тоқаев жас теннисшіні медалімен құттықтады

0
111
фото: bassport.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Алан Құрманғалиев – үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ширек финалда 15 жастағы қазақстандық болгар теннисшісі Жоан Величковты 4:3 есебімен ұтса, жартылай финалда жапондық Казуки Йошиямадан 1:4 есебімен ұтылды. 

“Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер” – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз