Мемлекеттік қызметке тестілеу 24/7 қолжетімді болады – МҚІА

0
115

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі заманауи талаптарға икемді мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы адами ресурстар мәселесі талқылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz агенттігі. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен және Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» HR форумы өтті.

Іс-шараға МҚІА төрағасы Дархан Жазықбаев, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Адами ресурстарды басқару офисынің президенті Салим Атай, Корея Республикасы Адами ресурстарды дамыту ұлттық институты Ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры Чун Джи Юн, Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік емтихан орталығы төрағасының орынбасары Бахрам Халилов, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерін, HR саласындағы отандық және шетелдік сарапшыларды және де Орталық Азия елдерінен келген делегаттарды қамтитын 300-ден астам адам қатысты.

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңа талаптар жүктелгенін атап өтті.

“Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттік қызмет істері агенттігі толыққанды стратегиялық HR институтына айналуы тиіс» деп атап өтті. Агенттік тарапынан мемлекеттік қызметке ЭЫҰД елдерінде кеңінен колданылатын HR-құралдарын енгізу бойынша шаралар пысықталуда. Біз үшін HR саласындағы жаңа білімдерді жинақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тарту өте маңызды. Ашық, әділ шешімдер қабылдай алатын, белсенді, заманауи талаптарға икемді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда адам капиталына ден қоюдың маңызы зор”, – деді Агенттік төрағасы.

Форумға арнайы келген делегаттар мемлекеттік қызметті дамытудағы тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның халықаралық тәжірибеге бағдарланған мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, оның ішінде HR-ды дамыту жөніндегі қадамдарын оң бағалады.

Қазақстанның және шет елдердің мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторларының жетекші сарапшылары арнайы сессиялар аясында мемлекеттік қызметшінің жаңа болмысын, HR мамандарын даярлаудың өзекті мәселелерін, тиімді HR құралдарын, адами ресурстарды басқарудағы трендтер мен сын-қатерлер, жаңа мүмкіндіктер, көшбасшылардың рөлі мен құндылықтары туралы мәселелерді ортаға салды.

Іс-шара аясында Агенттік төрағасы шетелдік сарапшылармен жұмыс кездесулерін өткізді.

Атап өту керек, форумның мақсаты – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшыларын, HR саласындағы отандық және халықаралық сарапшыларды, мемлекеттік органдар мен корпоративтік сектордың персоналды басқару қызметтерінің басшыларын, персоналды басқару саласында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының басшыларын бір алаңға жинау және маңызды мәселелерді талқылау.

Мемлекеттік қызметке тестілеу 24/7 қолжетімді болады

“Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметке орналасу конкурстарының әділдігін қамтамасыз ету үшін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің сыртқы порталында мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленіп, конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді”, – деді Агенттік төрағасы.

Тестілеуден өту қағидаларын сақтау Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу барысында қолданылып, тиімділігін көрсеткен – прокторинг жүйесі арқылы қамтамасыз ету көзделген.

Әзірленген іріктеу алгоритмі – заңнаманы білуге арналған 4 нормативтік құқықтық актілер бойынша тестілеуді (Конституция, Мемлекеттік қызмет және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдары, Әдеп кодексі); қабілеттілік пен құзыреттілікті тестілеуді (IQ, EQ, SQ тестілеу); басшылық лауазымдар үшін – эссе жазуды (орындаушылық лауазымдар үшін осы талапты мемлекеттік органдар өздері белгілей алады); салалық және тәуелсіз сарапшылардан, HR мамандар, Әдеп жөніндегі уәкілдерден тұратын конкурстық комиссиямен әңгімелесуді қамтиды.

МҚІА басшысының айтуынша, іріктеудің бұл тәсілдерін 2023 жылы «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде пилоттық апробациядан өткізу жоспарлануда. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында жекелеген саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің  («А»   корпусы   және   «Б»   корпусының жоғары лауазымдары саяси лауазымдарға әлеуетті кандидаттар ретінде) құзыреттілігін 2 жылда бір рет ассессмент-орталықтың көмегімен бағалау қарастырылуда. Агенттік кем дегенде 1800 адамға ассессмент өткізуді көздеп отыр.

Атап өту керек, 9 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» HR форумы өтті. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, HR саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, Түркия, Оңтүстік Корея, БАЭ, Мажарстан, Әзірбайжан және де Орталық Азия елдерінің делегаттары қатысты.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметтің негізгі 6 әдептік қағидаты туралы

Шара барысында Дархан Жазықбаев биыл мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа редакцияда қабылданғандығына тоқталып, заман сұранысына сай 6 негізгі  әдептік қағидат айқындалғанына баса назар аударды: ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік, және адамға бағдарлану.

Өз сөзінде Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметші жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсетіп, өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, халықтың сұранысына сай қызмет көрсетуге және азаматтардың өтініштерін қарау кезінде әуре-сарсаңға жол бермеуі тиіс екенін еске салды.

Аталған қағидаттар Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал ететін болады.

Сонымен бірге МҚІА басшысы мемлекеттік аппарат қызметінде  түрлі кедергілерге жол бермеу мәселесіне тоқталып, осы бағыттағы шаралардың жүзеге асыру барысы туралы айтты.

«Президенттің сәуір айындағы «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Агенттікке бюрократия көріністеріне мониторинг пен талдау жүргізу бойынша жаңа функциялар жүктелді. Қазір Агенттік мемлекеттік аппараттың жұмысындағы бюракратияны түбегейлі жою, оған жаппай төзбеушілікті орнықтыру бағытында кешенді шаралар атқаруда. Бұл шаралар мемлекеттік аппарат персоналының  жұмысына оң серпін беріп, оны жаңа сипатқа көтеруге септігін тигізетін болады», – деді Дархан Жазықбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз