Трамплинші Ткаченко әлем чемпионатында қола алды

0
123
Суретте солдан оңға қарай: германиялық Лука Роц, норвегиялық Томас Аасен Маренг және қазақстандық Сергей Ткаченко. Сурет: Руслан Меделбек Facebook парақшасынан алынды.

Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.

24 қаңтарда шаңғымен трамплиннен секіруден ерлерарасындағы жарыста қазақстандық 19 жастағы спортшы Сергей Ткаченко қола медаль алды. Ол алғашқы мүмкіндігінде 96,5 метрге, екінші мүмкіндігінде 94,5 метрге секірді. 

Алтынды норвегиялық Томас Аасен Маренг (екі мүмкіндігінде де – 97 метр), күмісті германиялық Лука Роц (95 метр және 97,5 метр) иеленді. 

Сергей Ткаченко 2017 жылы Саппорода (Жапония) өткен қысқы Азия ойындарында жекелей жарыста қола, командалық жарыста күміс алған. 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы олимпиада ойындарына қатысқан.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Лахтидегі жастар арасындағы әлем чемпионаты 27 қаңтарда аяқталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз