Астана аялдамаларына көңіліңіз тола ма?

0
82

Астанада жаңадан салынған жылы аялдамалардың сапасы қалай, іші қаншалықты жылы, орнатылған “wi-fi” интернет жүйесі жұмыс істейді ме, тұрғындар оны қаншалықты пайдаланады? Аталған сұрақтарға Астана қаласының тұрғындарынан жауап іздеп көрдік.

Тұрғындардың көбі аялдамалардың жылы әрі ыңғайлы екендігін алға тартса, Астананың өзге де аудандарына жылы аялдамалардың орнатылғаны жөн екенін де атап өтті.  Ал “wi-fi” интернет жүйесін біз жауап алған тұрғындардың басым көпшілігі қолданбайтындарын алға тартады.  Бұл турасында елордадағы “iKomek” ортақ байланыс жүйесіне хабарласып білдік. Олардың ақпарына сәйкес, қазіргі уақытта аялдамаларға орнатылған “wi-fi” интернет жүйесі жұмыс істемейді, бұл мәселе талқыланып жатыр.

 

 

Abdimanap Kenes, Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз