“Жеңгенімді сеземін”: Деревянченко мәлімдеме жасады

0
97
Головкин (оң жақта) мен Деревянчко жекпе-жегі. Нью-Йорк, 5 қазан 2019 жыл.

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен болған жекпе-жектен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, Нью-Йоркте екі әлем чемпионы белбеуі үшін болған айқаста украиналық былғары қолғап шебері танымал қазақстандық боксшыдан жеңілген болатын.

“Жеңгенімді сеземін. Мұны бүкіл МСГ (Madison Square Garden) көрді, бүкіл әлем көрді. Өкінішті, кеше біртүрлі жағдай болды. Мені қолдап жатқандардың барлығына көп рахмет!” – деп жазды Деревянченко Instagram-да.

Sports.kz мәлімдеуінше, Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла да боксшының Головкинді жеңгеніне сенімді екенін айтқан.

“Головкин – ұлы боксшылардың бірі, ол маған ұнайды, бірақ оның өзі де кеше дұрыс бокстаса алмағанын біледі. Ол жеңе алмағанын біледі, мен бұған сенімдімін. Бұл жерде үнемі адамдардың жеке пікірі шешеді, адамдар қателеседі, бірақ мен кім жеңгенін анық білемін”, – деген ДиБелла.

Еске салайық, бірінші раундта Головкиннің бірнеше соққысынан кейін Деревянченко тепе-теңдігін жоғалтып алды. Нокдауннан кейін қазақстандық боксшының басымдығы айқындала түсті. 2-раундта сол қолымен ұрған соққысынан кейін Деревянченконың оң жақ қабағы жарылып кетті.

Төрешілердің шешімімен, кездесу Головкиннің жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық боксшы IBF және IBO тұжырымдарының белдігін қайтарып алды.

Головкин Forbes журналының есебі бойынша, әлемдегі ең бай жүз спортшының қатарына енеді. Оның байлығы – 25,5 миллион доллар.

Ал 33 жастағы Деревянченко кәсіпқой бокста осымен 15 рет рингке шығып, екінші рет жеңілді. 13 жекпе-жекте қарсыластарынан басым түскен.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз