Бейтаныс адамнан «Алаш» партиясы туралы қысқаша мәлімет сұрасаңыз, кейде екі сөздің басын құрай алмай жауап бере алмауы мүмкін. Дегенмен, шындыққа жүгінсек, халықтың жартысына жуығы «Алаш» туралы естігенімен, оның мәнін толық біле бермейді. Бұл мәселе қоғам қайраткерлерінде емес, біздің тарихқа деген қызығушылығымыздың төмендігінде жатыр.
Осының басты себебі – кітап оқымау, тарихты зерттемеу және өткенімізді жете түсінбеу. Соның салдарынан қазақ жеріне ықпал еткен тарихи тұлғалардың еңбегін толық бағалай алмаймыз. Ал шын мәнінде, қазақ халқы жиі айтып жүрген белгілі тұлғалар елдің рухани және мәдени дамуына үлкен үлес қосты.
«Алаш» сөзі түркі тілінен аударғанда «бауыр», «туыс», «қандас» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым халықтың бірлігін, ынтымағын және өзара бауырмалдықты дәріптейді. Партияның жетекшілері – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сияқты зиялылар халықтың болашағын бірлікпен, ұлттық санамен және біліммен байланыстырды.
«Алаш» идеясының негізгі мақсаты – қазақ елінің өркениетті дамуын қамтамасыз ету, ұлттық теңдік пен мемлекеттік деңгейдегі құқықтарды қорғау болды. Сондықтан әр қазаққа айтарым – өз тарихымызды оқып, өткенімізді танып, ұлттық құндылықтарымызды құрметтейік. Себебі тарихын білген халық қана болашағын нық құра алады.
Амина Амирова, 11-сынып оқушысы





















































