Елге заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады – Министрлік

0
67

Сату үшін әкелінетін телефондардың бір бөлігі Қазақстанға «сұр» импорт арқылы келіп түседі және олардың жиі қайталанатын IMEI-кодтары болады.

«Сәйкестендіру кодтарының дерекқоры» (СКДҚ) мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта еліміздің ұялы компанияларының желілерінде қайталанатын IMEI-кодтары бар шамамен 3,7 млн абоненттік құрылғы жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты, Цифрлық даму министрлігі «Сәйкестендіру кодтарының дерекқорын» кеден қызметтері жүйелерімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр.

Бұл механизм:

– Заңсыз әкелінген құрылғыларды 100% бұғаттауға;

– Мемлекеттің кедендік және салықтық төлемдерден түсетін кірістерін ұлғайтуға;

– Клондалған және жалған құрылғыларды 99%-ға қысқартуға;

-Мобильді құрылғыларды ұрлаумен, сәйкестендірумен байланысты алаяқтық қылмыстарды азайтуға;

– Реттелетін және бақыланатын электроника нарығы есебінен халықаралық инвестицияларды ұлғайтуға, сондай-ақ адал бәсекелестік бизнес үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ЦДИАӨМ ҚР ІІМ және «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК-мен бірлесіп, «МРҚ» РМК сайтында ұрланған абоненттік құрылғылардың (ҚР ІІМ деректері) тізілімінде бар-жоғын анықтау үшін IMEI кодтарды тексерудің цифрлық сервисі құрылды (https://imei.rfs.gov.kz).

Осыған байланысты, пайдаланылған ұялы телефондарды сатып алу кезінде тізілімде ұрланған абоненттік құрылғылардың бар-жоғын тексеруді ұсынамыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз