Google for Startups (GfS) жобасы Орталық Азия өңірінде стартап-компанияларға арналған Silkway Accelerator іске қосылғанын хабарлайды.
Биыл Product/Market Fit түріндегі стартаптар үшін екі акселерация жоспарланған. Алғашқы кезең 20 маусымда өтеді. Іріктеу нәтижелері бойынша үздік 15 жоба Нұр-сұлтан қаласында, офлайн форматта өтетін және 3 айға созылатын акселерацияға тегін қатыса алады.
Серіктестік аясында GfS Google сарапшылары бірегей мастер-класс және тәжірибелерімен бөлісіп, өзінің платформасы мен әлеуметтік желілердегі қызықты кейстерге PR-қолдау көрсетуге дайын.
Astana Hub қатысушыларға тұруға арналған апартаменттермен, технопарк аумағында жұмыс орындарымен, БАҚ-та PR-қолдаумен, сондай-ақ 25 млн теңгеге дейін қаржыландыру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
Өтінімдер 5 маусымға дейін қабылданады.Толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.