Президенттің Финляндияға сапары барысында 20-дан астам құжат бекітілмек

0
117
Finland and Kazakhstan, two crossed flags isolated on white background. 3d image

Мемлекет басшысы Финляндия Республикасына мемлекеттік сапары барысында 20-дан астам құжатқа қол қойылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Айбек Смадияров ҚР СІМ Баспасөз хатшысы: Президент Нұрсұлтан Назарбаев 16-17 қазанда  Финляндия Республикасы президенті Саули ниинистенің шақыртуымен Финляндияға мемлекеттік сапармен барады. Бұл Елбасының Финляндияға жасаған екінші ресми сапары. Президент аталған елге алғашқы сапарын 2009 жылдың наурыз айында жасаған болатын. Сапар аясында ынтымақтастықтың экономикалық бағытын нығайту мақсатында Мемлекет басшысы финляндиялық бизнес өкілдерімен кездеседі. Тараптар бірқатар құжаттарға, соның ішінде коммерциялық келісімшарттарға, жалпы саны 20-дан астам құжатқа қол қойылуы тиіс.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 18 қазанда Белгия королдігінің Брюссель қаласында 18-19 қазанда өтетін Азия Еуропа форумының он екінші саммиті аясында ҚР Президенті Белгия корольі Филиппен кездесуі екіжақты өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз