Атырау және Қарағанды облысындағы бес қала карантинге жабылады

0
277
 Photo: karaganda-region.gov.kz

30 наурыздан бастап Covid-19 вирусының тарауына байланысты Атырау қаласы карантинге жабылмақ. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, 30 наурыздан бастап  Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай қалалары карантинге жабылады. Бұл туралы 29 наурызда Қарағанды облысы әкімдігі хабарлады.

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, қазір облыста 509 адам карантинде жатыр. Бұл аймақта жеті адамнан коронавирус табылған. Жергілікті билік вирус жұқтырған жеті адам да әуежайдан бірден карантинге алынғанын, басқа адамдармен байланыста болмағанын айтып келген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз