Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырған мұнайшы саны 71-ге жетті

0
100

Атырау облысы Теңіз мұнай-газ кенішінде коронавирус жұқтырғандар 71 адамға жетті. Бұл туралы Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырған жұмысшылармен 1500-ден астам адам байланыста болған.

Штабтың хабарлауынша, кенішті игеріп жатқан “Теңізшевройл” компаниясы 16 сәуірден бастап жергілікті билікпен бірігіп, жұмысшыларды қауіпсіз жаққа көшіре бастаған. Кеніштен шамамен 17 мың қызметкер әкетіледі деп айтылады. Олардың 6 мыңы Атырау облысында тұрады. 2,5 мыңнан астамы – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалғаны Қазақстанның басқа аймақтарынан келген.

Ресми ақпарат бойынша, қазір 10 мыңнан астам қызметкер эвакуацияланған: шамамен 4 мыңы – ұшақпен, 3 мыңы – пойызбен, 3 мыңнан астамы автобуспен әкетілген. Қалған қызметкерлер 5 мамырға дейін эвакуацияланады дейді штаб өкілдері.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз