Францияда Наполеонның тағы 500 мың еуроға сатылды

0
101
Франция императоры Наполеон І Бонапарттың тағы.

Франция императоры Наполеон І Бонапарттың тағы француз монархтарының Фонтенбло тарихи резиденциясындағы аукционда 500 мың еуроға сатылды. Бұл туралы сауданы өткізген Osenat аукцион үйінің сайты хабарлады.

Тақты сатып алған адамның аты-жөні жария етілген жоқ. Ағаштан жасалып, сыртын алтынмен жапқан тақ о баста небәрі 80 мың еуроға бағаланған. Бұған ұзақ уақыт бойы Наполеон отырған тақтардың саны бесеу деген пікір әсер етті. Олардың бірі Париждің Тюильри сарайында, екіншісі Сен-Клу қамалында, үшіншісі Сенатта, төртіншісі Ұлттық жиналыс ғимаратында, бесіншісі Париж мэриясында сақтаулы.

Аукцион үйінің мәліметіне қарағанда, ХІХ ғасырдың аяғында америкалық филантроп Майкл Генри де Янг Наполеонның осы тағын Сан-Францискодағы бейнелеу өнері музейіне сыйға тартқан. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Наполеонның хаттары аукционда жарты млн еуроға сатылған болатын.

Айта кетейік, биыл тамыз айында француз императорының туғанына 250 жыл толады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз