Конгода кеме апатынан 20 адам қаза тапты

0
24
Сурет: UA Today

17 сәуір күні Конго демократиялық республикасындағы Киву көлінде жолаушылар мінген шағын кеме апатқа ұшырап 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Киву провинциясы өкілінің айтуынша, кемеде 100 шақты адам болған. Әзірше 20 адамның денесі табылған. 30 адам құтқарылды.

Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Кеме солтүстік Кису провинциясынан шығып, Гома қаласына кетіп бара жатқанда апатқа ұшыраған. Оған жолаушылардың кемеге шамадан тыс көп тиеліп алуы себеп болуы мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз