Қытай vs АҚШ: Сауда қақтығысы

0
155
дереккөзден

Қытай Халық Республикасы (ҚХР) Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) импортталатын 128 тауар түріне салықты ұлғайтты. ҚХР Мемлекеттік кеңесшісінің бұл шешімін Қытайдың қаржы министрлігі жексенбі күні жариялады. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Министрліктің мәлімдемесіне сәйкес, кедендік концессияларды алып тастау шарасы Қытайдан АҚШ-тағы болат және алюминий өнімдеріне тарифтер енгізу арқылы елге келтірілген зиянды толтыруды көздейді.

Қытайға Америкадан импортталатын 120-дан астам өнімдерге, оның ішінде жеміс-жидек, арақ-шарап пен жаңғақ өнімдеріне 15% , шошқа еті өнімдеріне 25%-дан салық енгізілді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңдегі әділетсіз сауда тәжірибесіне қарсы шаралар кешенін қолдануды көздейтін меморандумға қол қойған болатын.

Пекин Вашингтонды болат пен алюминийге жүктелген міндеттемелерді алып тастауға және диалог арқылы екіжақты сауданы қалыпқа келтіруге шақырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз