Жапония үкіметі отставкаға кетті

0
89
Жапония экс-премьер-министрі Синдзо Абэ.

11 қыркүйек күні Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетті. Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлады. 

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ өз кабинетінің мүшелерінен отставкаға кету туралы арыздарын алды. Себебі тамызда Парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлауда партия жеңіске жеткеннен кейін және қазан айында тұтыну салығын 10 пайызға дейін көтеру алдында үкімет құрамын өзгерту жоспары себеп болды.

Былтыр қазанда үкіметтегі ауыс-түйіс кезінде өз орындарын сақтап қалған министрлердің барлығы дерлік кетіп, тек екеуі қалады – олар үкіметтің бас хатшысы Есихидэ Суга мен қаржы министрі Таро Асо. Екі министр өзара орын алмастырады – СІМ басшысы Таро Коно экономика министрі болады, ал СІМ басшылығына экономиканы қайта қалпына келтіру министрі Тосимицу Мотэги келеді.

Бұрындары министр болған тағы екі адам жаңа үкімет мүшелігіне қосылады.  Түстен кейін жаңа үкімет мүшесінің тізімі жарияланады. Кешкі уақытта оларды император қабылдап, арнайы бекіту шарасын салтанатты түрде жүргізеді. Содан кейін ғана үкімет мүшесі жасақталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз