Білім министрлігі осы жылы бөлінген грант санын жариялады

2
13011

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті. Құжатта мектеп бітіруші түлектер үшін қанша грант бөлінгені көрсетілген.

Осы жылы жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға – 53 864 грант бөлінген.

Ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына – 12 915, бейінді магистратураға – 710 және PhD докторларын даярлауға – жалпы 2 355 грант бөлінген.

2020 жылы ең көп грант бөлінген салалар:

  • Инженер кадрларын даярлауға – 14681 грант.
  • құрылыс мамандығы үшін – 2500 грант,
  • электротехника және энергетика мамандығына – 1800,
  • тау-кен өндірісі – 1702 грант;
  • педагогика – 8243 грант;
  • жаратылыстану, математика және статистика салалары – 4088 грант;
  • ақпарат-коммуникация технологиялары – 3815 грант;
  • денсаулық сақтау саласы – 2700 грант;
  • ауыл шаруашылығы – 1565;
  • іскерлік, басқару және заң мамандықтарына – 979;

Барлық мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс тізімін бұйрық қосымшаларынан қарауға болады.

Атап өтейік, биыл Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау онлайн өтеді. Ал ҰБТ маусымның соңы мен шілденің басында санитарлық талаптарды сақтай отырып өтетін болады.

2 ПІКІРЛЕР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз