Елордада “Халықаралық күн” қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

0
248

27 сәуір күні Нұр-Сұлтандағы “Керуен” сауда және ойын-сауық кешенінде “Spectrum” халықаралық мектебінің ұйымдастыруымен “Халықаралық күн” қайырымдылық жəрмеңкесі өтті.

Елордадағы 15 елшілік қатысқан жәрмеңкеге 24 елдің мəдениеті мен салт-дəстүрі көрсетіліп, ұлттық тағамдары ұсынылған. Іс-шараның ұйымдастырылуына мектептің ұстаздары,оқушылары мен ата-аналары атсалысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жəрмеңкеден түскен қаржы бас қатерлі ісігімен ауырып жатқан Мəриям Дəулетбектің еміне жұмсалады.

Сурет Мәриям Дәулетбек Instagram парақшасынан алынды.

“Халықаралық күн” қайырымдылық жəрмеңкесі оқушылардың концертіне ұласты. Білімпаздар ән айтып, көрініс қойып, әр ұлттың биін биледі.

“Осы жылы 9 мәрте ұйымдастырылған “Халықаралық күн” қайырымдылық жəрмеңкесінің мақсаты – əлем елдерінің тарихын, салт-дəстүрін көрсету арқылы еліміздегі өзге ұлт өкілдерімен бірлігімізді нығайту, – дейді мектеп ұжымы. 

Abdimanap KENES

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз