Енді университеттерде “сынақ кітапшасы” болмайды

0
251
Photo: inform.kz

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сынақ кітапшаларын алып тастау бойынша бұйрық әзірледі.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді.

Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесінде, кейін транскрипте студент оқу жетістіктерінің дерегі жүргізіледі. Транскрипт студенттің сұранысы бойынша оқудың кез келген кезеңінде беріледі.

Министрлік бұл жаңалықтың 604 345 студент, 35 690 магистрант және 6 363 докторантқа қатысты екенін хабарлады.

Айта кетейік, бір сынақ кітапшасының құны шамамен 380 теңге.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз