Халықаралық аккредитациядан өткен Қазақстандағы жалғыз университет анықталды

0
15
Көрнекі сурет. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті.

Қазақстандағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) тұңғыш рет 5 жылдық халықаралық институционалдық аккредитацияны алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім ордасы 2016 жылы ASIIN (Германия) аккредиттеу агенттігіне өтініш беріп, Қазақстан университеттерінің тарихында тұңғыш рет 5 жылдық халықаралық институционалдық аккредитацияны алды.

Айта кетейік, аталған университет ұжымы ASIIN сараптамалық комитеті үшін есепті 2 жыл дайындаған. Аккредиттеу комиссиясының шешімі бойынша, ХАТУ институционалдық халықаралық аккредитациядан өткен Қазақстандағы жалғыз университет болды.

Университет ректоры Дамир Шыныбековтің айтуынша, ASIIN университеттердің қызмет сапасын бағалайды және еуропалық стандарттар мен критерийлерге сәйкестіктігін мойындайды.

           

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз