Нұр- Сұлтан қаласында ұстаз болғыңыз келеді ме

0
142

Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтанда педагогикалық кадрлар жетіспейді, – деп хабарлайды.

Қалалалық Білім басқармасының мәліметінше, елорданың жалпы білім беретін мектептерінде 741 бос жұмыс орны бар: тәрбиешілер, бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, информатика, математика және тағы да басқалары.
Елордалық мектептерде жұмыс істеу артықшылықтарының ішінде кәсіби конкурстарға қатысу, шет елдердің тәжірибесін зерттеу, қызықты идеяларды қолдау мүмкіндігін ерекше айтуға болады.
“Жыл соңына дейін тұрғын үй сатып алу үшін 1 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек – 1000 тұрғын үй сертификатына дейін беру жоспарда бар. Қазір жатақханадан жас мұғалімдерге орын бөлу мәселесі қарастырылып отыр”, – деп хабарлады басқармадағылар.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз