Назарбаева елдегі білім басқармаларын жабу туралы ұсыныс айтты

0
85
дереккөзден

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитеттің Төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстан бойынша білім басқармасын жабу туралы ұсыныс айтты.

Назарбаеваның сөзінше, бұл ұйымдардың енді қажеті болмайды, себебі елдегі мектептер жан басына қаржыландыру үрдісіне өтіп жатыр. Бұл әр мектепке өз қорын құрып, өзін-өзі қаржыландыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Sputnik.

“Мәселе тек мектептерді жекелеген өмірге дайындауда. Мұндай жағдайда облыстық, аудандық және қалалық білім басқармалары қажет болмайды. Бұл басты мәселе, себебі мектеп қаржыландырылады, ал бөлінген қаражат аталған ұйымдарда ұзақ уақыт тұрып қалады, олар қаражатты өз еріктеріне салады – бүгін береді немесе ертең, тіпті мектептерге үнемдеулері де мүмкін, оқулыққа яки жөндеу жұмыстарына қаржыны бермей қалады, сосын: “Ештеңе етпейді ата-аналарға айтарсыңдар, ақша жинайсыңдар”, – деп айтады. Онда көп заң бұзушылық болады, сондықтан, бұл ұйымдар қаншалықты қажет деген сұрақ туындайды. Мен мұндай мекемелердің жабылғанын қолдаймын, шетелдік тәжірибеде де бар”, – дейді Назарбаева.

Мұндай шешім Назарбаеваның пікірінше, білім және ғылым министрлігіне барлық білім беру үрдісін қадағалауға тікелей бақылау бойынша стандарттар мен ережелер жасақтауда көмек береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз