PIRLS-та Қазақстан оқушылары табысты нәтижелер көрсетті

0
368
дереккөзден

Бүгін 5 желтоқсанда Парижде Оқушылардың білім жетістіктерінің халықаралық қауымдастығы (IEA) PIRLS – Мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалайтын халықаралық зерттеу нәтижелерін жариялады. Зерттеуге қатысқан 50 мемлекеттің ішінде Қазақстан 27-орын алды деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық оқушылардың орташа балы 4-сынып оқушылары үшін 536 балды құрады, ол орташа халықаралық көрсеткіштен 26 балға жоғары.

Зерттеу бойынша ТОП-30 елді негізінен Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көшбасшылары құрайды. ТМД елдерінің ішінен үздік 30 елдің қатарына PIRLS-2016 бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен Ресей мен Қазақстан ғана кірді. Зерттеу қазақстандық төртінші сынып оқушыларының абсолютті көпшілігі (96%) оқуды ұнатады. Мұғалімдер өз жұмысы мен балаларға деген сеніміне жоғары қанағаттанушылығын көрсетеді. 91% ата-аналар балаларда оқу дағдыларын жақсартуда мектептің көмегін оң бағалады. Сонымен қатар, орташа есеппен, қазақстандық балалар басқа мемлекеттердегі құрдастарына қарағанда мектепке дайындалып келеді.

Атап өтерлігі, PIRLS мақсаты төртінші сынып оқушыларында әдебиеттік тәжірибесін және ақпаратты пайдалануды меңгеру дағдыларын анықтау болып табылады. Бүгінгі таңда бұл зерттеу – бастауыш мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын бағалайтын жалғыз жаһандық құрал.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз