Шамиль Аляутдинов: “Болашақ” – ғажап бағдарлама

0
54
Шамиль Аляутдинов пен Жанболат Мелдешов. Сурет: baq.kz

Ресейлік теолог ғалым, бизнес тренер Шамиль Аляутдинов “Болашақ” бағдарламасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ президенті Жанболат Мелдешов Facebook парақшасында хабарлады.

“25 жыл ішінде жүргізіліп келе жатқан бұл президенттік бағдарлама – өте маңызды. Бағдарлама негізінде мемлекет мүмкіндік ұсынып, ең маңыздысы шетелде оқуына қажетті қаржылай көмек көрсетуі. Ал, студенттердің елге қайтып еңбек етуі орынды әрине. “Болашақ” керемет бағдарлама”, – деді ғалым Аляутдинов.

Теологтың пікірінше, сапалы білім алу мен еліне пайда тигізу – өз өміріңді басқа деңгейге көтерумен тең.

“Адам білім ала отырып, тар ойлау шеңберінен шығып, дүниеге кеңірек қарай бастайды. Егер сіз шет тілінде білім алатын болсаңыз, әлемге деген көзқарасыңыздың ауқымы, көлемі тіпті, сараптамаңыз да өзгере бастайды. Бұл – өте маңызды” – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз