“Қытайдың Стив Джобсы” туралы 5 дерек

0
107

Джек Ма Қытай және әлемдегі ең алпауыт электронды коммерциялық компанияның бірі Alibaba-ның негізін қалаушы. Сондай-ақ Қытайдың ең ірі кәсіпкерлерінің бірі.

Әлемдегі ең танымал бизнесмен Джек Ма туралы 5 деректі назарларыңызға ұсынамыз.

1) Ол ағылшын тілінің мұғалімі

Шығыс Қытайдағы Ханжоу қаласында кедей отбасында дүниеге келген Ма мырза еңбек жолын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастады.

Джек Маның оқушы кезі түрлі қиындықпен күресумен өтті. Мектеп бітірген соң KFC-ден бастап 30 түрлі жұмысқа берген өтініші сәтсіз аяқталды.

Ол ең алғаш жеке компьютерін 33 жасында сатып алды. Сол уақытта интернеттен сыра туралы іздегенде Қытайда жасалатын бірде-бір сыра жоқ екендігін білді.

IT саласында тәжірибесі болмаса да 20 жыл бұрын өз пәтерінде Alibaba компаниясын құрды. Достарымен бірге онлайн-нарыққа инвестиция жасады.

“Қытайдың Стив Джобсы” атанған кәсіпкер алпауыт Alibaba компаниясының 9 пайызына иелік етеді.

2) Ол өте бай

Forbes-тің 2017 жылғы тізіміне сәкес Ма мырзаның байлығы 36,6 миллиард доллар болды. Ол Қытайдағы ең бай үшінші адам.

Ол құны 420 миллиард доллар тұратын Alibaba-ның 9 пайызына иелік етеді.

2014 жылы Alibaba әлемдегі жылдық ең үлкен табыс 25 лиллиард доллар пайда тапты.

Ма мырза Alibaba арқылы бөлшек заттармен сауда жасауды енгізіп Қытай нарығында төңкеріс орнатты.

”Single’s Day” аталатын маркетингтік феномені АҚШ-тың ең үлкен “Black Friday” және “Cyber Monday” атты сауда-саттық шарасын басып озды.

Джек Ма білім беру саласына қайта оралғысы келетінін айтты. Өйткені бұл қызметті ол қатты жақсы көреді.

3) Ол қолы ашық жан

Осыдан 10 жыл бұрын мұрасын кімге аманат жасайтындығы жөнінде ойлана бастады. 2013 жылы басшы қызметінен кетіп, компаниядан алыстай бастады.

Ол “Джек Ма қоры” арқылы ізгі істер жасауға көп уақытын арнайтындығын айтты. 3 жылдан соң Қытайдың ауылдық жерлерінде 10 жыл білім беретін жобаға 30 миллион доллар қаражат бөлуге уәде етті.

“Alibaba” серіктестігімен бірлесе жұмыс атқарып, бүгінде өзі жақсы көретін істі оқытуды, үйретуді қолға алмақ.

Ма мырза Bloomberg-ке берген сұхбатында “Бил Гейтстен үйренері көп” екендігін айтқан. Бил Гейтс те Microsoft-тың басшысы қызметінен бас тартып өзінің жеке қайырымдылық қорын құрған болатын.

Джек Ма АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескенде миллиондаған америкалықтарға жұмыс орнын құруға көмектесуге уәде берді.

4) Трамп оны жақсы көреді

Өткен жылдың қаңтарында Джек Ма Нью-Йоркте АҚШ президенті Дональд Трамппен «керемет кездесу» өткенін айтты.

Кездесуде екеуі АҚШ-Қытай арасындағы байланыстың “күшейетінін, достығы одан әрі жалғасатынын” айтты.

Сол уақытта Трамп оның Қытай мен АҚШ-ты қатар жақсы көретін “әлемдегі ұлы кәсіпкер” екендігін айтқан болатын.

Ма мырза АҚШ бизнесмендеріне өз веб-сайты арқылы миллиондаған жаңа жұмыс орындарын құруына көмектесуге уәде берді.

Қытайлық кәсіпкерлер АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттықта үлкен қиындықтарға тап болған тұста Джек Ма зейнетке кетіп жатыр.

Ол 2017 жылы Alibaba ұйымдастырған кешке Майкл Джексон стилінде киініп келді.

5) Ол назарда жүргенді ұнатады

Alibaba-ның келбетті де тартымды басшысы әрдайым назарда болғанды қалайтын секілді.

Джек Ма компанияның 2017 жылғы мерейтойына Майкл Джексон секілді киініп келді.

Ол өткен жылы “Гун Шоу Дао” атты кунг-фу қысқаметражды фильміне түсті. Фильмде ол жауынгерлік өнер шебері Джет Лимен спарринг өткізді.

Ма мырза жауынгерлік өнерге тек қызығып қана қоймайды. Ол 30 жыл бойы тай-чимен айналысып келеді.

Abdimanap KENES

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз