Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300-ден асты

0
728

 30 наурыз, кешке Қазақстанда тағы сегіз адам коронавирус жұқтырды. Оның алтауы – Қарағанды облысында, біреуі – Нұр-Сұлтанда, біреуі Алматы облысында. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі сағат 18.50-де хабарлады.

Қазақстанда қазір 302 адамнан коронавирус табылды.

  • Нұр-Сұлтанда – 168 адам
  • Алматыда – 73 адам
  • Қарағандыда – 13 адам
  • Атырау облысында – 12 адам
  • Ақмола облысында – 9 адам
  • Алматы облысында – 8 адам
  • Қызылорда облысында – 5 адам
  • Жамбыл облысында – 3 адам
  • Шымкентте – 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
  • Ақтөбе облысында – 2 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам
  • Павлодар облысында – 1 адам
  • Маңғыстау облысында – 1 адам.

Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан – 13, Алматы – 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз