Біртанов босану кезінде қайтыс болған әйелдердің жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

0
73
дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықпен есептік жүздесу барысында Астанадағы перинталдық орталықта босану кезінде көз жұмған екі әйел адамның жағдайына байланысты мәлімдеме жасады. Біртановтың сөзінше, екі әйелге де ауруханада  медициналық көмек толық көлемде берілген, деп жазады Informburo.kz.

«Сарапшылар қателіктер кеткен-кетпегендігін тағы бір рет тексереді», – деген Біртанов босану кезінде әрдайым үлкен тәуекел бар екендігін алға тартты.

«Нақты түрде екі әйел адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда уақытылы бақылауда болған. Дегенмен, бастапқыда босану тәуекелі болғандығы туралы мәліметтер бар. Бір әйелде алғашқы босануындағыдай паталогия болған», – дейді министр.

Сондай-ақ Біртанов бастысы сәбилерге жеткілікті түрде медициналық көмек көрсету қажеттігін атап өтті.

«Бір сәбиде ауыр паталогия, сыни жағдай жүктілік кезінде пайда болған, ұрықтың гипоксиясы дамыған, салдары бар. Сәби ауыр жағдайда, комада жасанды деммен жатыр. Балаға барлық қажеттіні жасап жатырмыз. Келесі аптада конференцияға келетін сарапшылар (невропатология, нейрохирургия) шақыртылады. Біз балаға қатысты қосымша кеңес өткіземіз», – деді Біртанов.

Екінші сәбидің жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалауда.

Ведомства басшысы өз сөзінде «Сәби мерзімінен бұрын туылған, дегенмен, алдын алу терапиясы өз нәтижесін берді. Баланың беті бері қарап келеді. Екі жағдайда да балалардың әкесі қастарында, бізге көмек көрсетуде. Оларға көңіл айтамын. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетін болады, мұны мен өзім жеке бақылауыма аламын», – деді.


21 және 25 маусымда Астанадағы № 1 перинталдық орталығында екі әйел босану кезінде көз жұмды. Аталған екі жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз