Газа секторындағы балалардың жай-күйі

0
124

Газа секторындағы барлық дерлік балалардың бойынан психикалық ауытқу байқалады. 5 маусым «Save the Children» гуманитарлық ұйымы таратқан мәліметтерге сәйкес, Газа секторындағы балалардың 95 пайызы депрессиядан зардап шегуде.

Аймақтағы жасөспірімдердің 63 пайызы психикалық ауытқу, қорқынышты түстер көру, 68 пайызы ұйқысыздыққа шалдыққан. Балалардағы стресс пен психикалық ауытқудың басты себебі Израиль мен палестиналықтардың арасындағы жанжалдар мен бомбалаудың, сондай-ақ елдегі саяси тұрақсыздықтың салдарынан болып отыр.

«Save the Children» гуманитарлық ұйымының басшысы Дженнифер Мурхед палестиналықтарға «Газадағы балалар өте төзімді, бірақ оларға шұғыл көмек қажет. Балалар саяси тұрықсыздықтар мен қақтығыстардың кесірінен зардап шегуде», деп мәлімдеді.

Ол халықаралық қауымдастықты палестиналық балаларға көмек көрсетуді және мектептер мен әкімшіліктерге көмек көрсету бағдарламасын кеңейтуге шақырды.


Соңғы күндерде Израиль әуе күштері Газа секторына бірнеше рет қатарынан соққы жасады. Қақтығыстардың салдарынан Палестина дәрігерлерінің есептеулеріне сәйкес, 30 наурыздан бері кем дегенде 115 Анклавтұрғыны көз жұмды, аймақтың 13.3 тұрғыны оқтың және газдың салдарынан зардап шекті, олардың 300-і ауыр халде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз