Нұр-Сұлтанда ПТР тестін қалай тапсыруға болады?

0
60

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясына ПТР тесттен өткізетін қаладағы жеке медицина ұйымдарының тізімі жариялады.

Ұлттық сараптама орталығында, “Мейірім” ЖШС, “BIO Lab” ЖШС-де ПТР тестінің бағасы 8000 теңгеден басталады. Тәулігіне сынама өткізу қуаттылығы 800–1000.

Ұлттық ғылыми медициналық орталық, “Invivo” ЖШС, “Олимп” КДЛ (Нұр-Сұлтандағы филиалы “Мырза-хан” ЖШС), №2 көпсалалы қалалық аурухана, №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы, Президенттің іс басқармасының зертханасында КВИ-ге тестілеу 9-11 мың теңге аралығында жүргізіледі.

12-15 мың теңге аралығында сіз “Геном Плюс” ЖШС-де, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында және KF UMC республикалық диагностика орталығында тестілеуден өте аласыз.

Ақылы негізде COVID-19 коронавирус инфекциясын анықтауға арналған ПТР сынағынан қажетті қаражаты бар барлық Қазақстан азаматы өте алады. Қалалық емханаларда МӘМС жүйесінің бөлігі ретінде КВИ пациенттерімен байланыста болған жүкті әйелдерге ПТР тестілеу ақысыз жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада КВИ бойынша биоматериал жинауға арналған 15 зертхана бар. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 10 мыңнан астам. Қазіргі уақытта 550 мыңнан астам зерттеу жүргізілді, қосымша әлі 112 мыңға жуық сынама бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз