Вице-министр: COVID-19 талдауын 56 зертхана жүргізеді, 13,8 млрд теңгеге тест алынады

0
95
Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева. Photo: zakon.kz

Қазақстанда коронавирус ПТР талдауы 56 зертханада жүреді. Пандемия басталғалы бұл зертханаларда 1,3 миллионға талдау жасалған. Бұл туралы 19 маусым күні елдің денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.

“Ковидке ПТР тестілеу үшін 56 зертхана жұмыс істейді. Тестілеу қуаты тәулігіне 28 мыңға дейін жеткізілді” деді Ақтаева үкімет отырысында.

Вице-министрдің сөзінше, пандемия басталғалы 1,8 миллионға жуық талдау жүргізілген. Осы күндері күніне 28 мыңға жуық тест алынады. Министрлік бұл көрсеткішті 35 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін үкімет 13,8 миллиард теңгеге қосымша 1,8 миллион тест сатып алмақ.

Аталмыш 56 зертхананың қатарына мемлекеттік және жекеменшік мекемелер кіреді. Тәуліктік қуаты бойынша көш басында Ұлттық экспертиза орталығы тұр. Орталықта күніне 11 мың тест алынады. Одан кейінгі орында “Олимп” (8403), “МПК” мобильді орталығы (2500), Invitro (600), Репродуктивті медицина облыстық орталығы (600) және Invivo (500).

“Олимп” зертханасы ПТР талдауын жүргізуді Алматы және Нұр-Cұлтан бойынша, Invitro зертханасы республика бойынша 22 маусымға дейін тоқтататынын хабарлаған.

Ләззат Ақтаева денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирусты жұқтыруына байланысты министрдің міндетін атқарып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз