Түркістанға $1.7 млрд инвестиция тартылды

0
74

Түркістан облысына 1.7 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Жансейіт Түймебаев Түркістан облысының әкімі: Жалпы, биыл облысқа 163,5 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Өңірдің инвестициялық-туристік тартымдылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Түркістан қаласында 1-ші «Көне Түркістан – Жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форумы өтті. Аталған форумға 17 шетелдік және отандық 500-ге жуық кәсіпкер қатысты. Нәтижесінде 17 келісімге қол қойылып, облыс экономикасына 1,7 млрд.АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылатын болды.

Түркістан облысы әкімдігі, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы және «Turkestan Invest» мекемелері бірлесіп жалпы құны 615 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл жоспар іс жүзінде орындалса, өңірде 3 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 65 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінде нақты 58 700 адам қамтылды. 7 953 адам кәсіптік және техникалық оқуға жолданған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз