Қазақстанның тарихи дамуы туралы деректі-қойылымдық фильм түсіру керек – Назарбаев

0
286

Мемлекет басшысы Қазақстанның өркениеті мен тарихи дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдер мен сериалдарды отандық өндереске енгізуді ұсынды. 

Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады.  Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек.

Президент Назарбаев аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті.

Деректі-қойылымдық фильмдер мен сериалдардан бөлек қызықты мелодрамалық сарындармен қоса, көрермен үшін танымал фэнтези, шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын кеңейтуді тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз