«Бала ғашық» көркем фильміне кастинг жарияланды

0
65

«Қазақфильм» киностудиясы «Бала ғашық» көркем фильміне кастинг жариялайды.

«Қазақфильм» киностудиясы «Бала ғашық» көркем фильміне 10-15 жастағы қазақ тілін еркін меңгерген ер балаларға кастинг жариялайды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілгелі жатқан бұл көркем фильмнің режиссері – Елеубаев Бекарыс. Режиссер Бекарыс комедия, драма жанрындағы балалар көркем фильмдерінің жобасын жасаушы ретінде танымал.

Осыған дейін режиссердің «Кішкентай аңшы» көркем фильмі Лос-Анджелесте көпшілік назарына ұсынылған болатын.

Кастингке қатысуға ниет білдірушілер 2017 жылдың қыркүйек айының 15 мен 17 аралығында, сағат таңғы 10:00 ден бастап 18:00-ге дейін Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 176 үй, «Қазақфильм» киностудиясына өтініш берулері керек.

Жадыра Аманбайқызы

“Kazaknews.kz” тілшісі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз