Димаш Құдайберген The World’s Best шоуының дауыс беру нәтижесінде жеңіске жетті

0
48
дереккөзден

Қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Тулешова америкалық The World’s Best шоуының финалына өтпеді.

Solo Music аталымында финалға шығу үшін Д.Құдайберген және 12 жастағы Д.Тулешова, сондай-ақ үндістандық пианист Лидиан Надхасварам бақ сынады.

View this post on Instagram

#TWBDimash gives us chills! #WorldsBest

A post shared by The World's Best (@theworldsbestcbs) on

Жеңіске жетуге басты үміткерлердің бірі болған Д.Құдайберген қазылар алқасына байқаудан өз еркімен бас тартатынын хабарлады. Бұл шешімін әнші жас қатысушыларға мүмкіндік бергісі келетіндігімен түсіндірді.

View this post on Instagram

#TWBDaneliya is a 🌟 #WorldsBest

A post shared by The World's Best (@theworldsbestcbs) on

Д.Тулешова Pink есімді әншінің What About Us туындысын орындады. Дегенмен әділ қазылар жеңіске Үндістаннан келген қатысушыны лайық көрді.

View this post on Instagram

🎞 #WorldsBest #TWBLydian

A post shared by The World's Best (@theworldsbestcbs) on

Нәтижесінде Лидиан Надхасварам финалдағы екі сайыстан сүрінбей өтіп, The World’s Best шоуының жеңімпазы атанды.

Шоу бойы жалғасқан көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Димаш Құдайберген жеңімпаз атанды. Бұл туралы шоудың твиттердегі парақшасында хабарланды. “Сіздер дауыс бердіңіздер, сүйікті фавориттеріңіз анықталды. Құттықтаймыз!”, – деп жазады твиттер парақшасында.

The World’s Best – CBS телеарнасынан көрерменге жол тартатын америкалық шоу, аталған шоуда әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі талантты адамдар бақ сынайды. Димаш Құдайбергенге шоуда “алты октавалы адам” деген лақап ат тақса, Данэлия Тулешова “вокал ғажайыбы” деген атқа ие болды.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз