Елордада VIII xалықаралық “Әскери керней” фестивалі өтті

0
211

22 маусым күні Нұр- Сұлтан қаласында “Барыс Арена” мұз айдынында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан қолбасшысының жүлделері үшін VIII xалықаралық әскери- фестивалінің саптық концерті өтті.

Биылғы байқауда Ұлттық ұлан Үлгілі- көрсетілімді оркестрі, Әскери институттың әскери институты, “Оңтүстік”, “Орталық”, “Батыс” және “Шығыс” өңірлік қолбасшылықтарының іріктеу сындарынан сүрінбей өткен құрама әскери оркестрлері, Мемлекет күзет қызметінің үрмелі оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасы (Президенттік оркестр), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің құрама оркестрі және Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Ресей федерациясы Ұлттық ұланы әскері Федералдық қызметінің Орталық әскери округі штабының әскери оркестрі (Мәскеу қаласы) мен Моңғол Халық Республикасы Қарулы күштері Бас штабының Үлгілі- көрсетілімді оркестрінің шығармашылық ұжымдары да фестиваль көркін қыздырды.

Бұл байқауда музыкалық туындылармен қатар, жауынгерлік парад- дефиле, әскери- қызметшілердің қару- жарақпен көрсетілетін тынымдық көрсетілімдері елорда xалқымен қонақтары үшін бірден- бір есте қаларлықтай дәстүрлі- жарқын көрсетілім болды.

Іс- шараға елеміздің IIM мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жетекшілері қатысты. Сондай- ақ, қонақ ретінде Парламент депутаттары, күш құрылымдарының бірінші жетекшілері, қоғамдық ұйымдар, “Нұр Отан” партиясы, ЖОО- ның өкілдері, ардагерлермен қала тұрғындары шақырылған.

Салтанатты сәттен  кейін полиция генерал-майоры Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев  үздік оркестр ұжымдарына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етті.

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз