Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды

0
150
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымында жаңа қызметке тағайындалды. 2019 жылдың 29 сәуірінде Қр мәдениет және спорт министрлігі “Қазақконцерт” мемлекеттік концерт ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлының бұйрығымен М.Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды деп хабарланады.

Бұдан бұрын Әуелбекова “Қазақконцерт” ұйымының эстрадалық топтарына жетекшілік еткен еді. “Мөлдір Есіркепқызының шығармашылық жолы талант, кәсібилік шеберлік, тынымсыз еңбек нәтижесінде биік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдейді. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші, актриса әрі жас продюсер ретінде Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрада өнерінің дамуына елеулі үлес қосуда. Мәдениет және өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін 2018 жылы “Құрмет” орденінің иегері атанды”, – деп жазады “Қазақконцерт”.

М.Әуелбекова көрерменге 2005 жылы өткен SuperStar KZ жобасы арқылы танылды. Кейіннен Баян Есентаева жетекшілік еткен “Keshyou” тобында өнер көрсетті. 2010 жылы Асқар Ұзабаевтың “Ғашық жүрек” кинокартинасында басты рөлді сомдады. Бүгінде “Назар” атты қыздар тобына жетекшілік етеді.

“Қазақконцерт” 1960 жылы негізі қаланған елдің ірі музыкалық ұйымы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз